Музыка бізді біріктіреді
07.10.2026
Эстетикалық цикл пәндерінің онкүндігін музыка пәнінің мұғалімі Байсалбаев Асылбек Табылдинович жалғастырды. Ол 2-6 сынып оқушылары үшін «Музыка бізді біріктіреді» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді.
Іс-шара ойын түрінде, жылы атмосферада өтті. Балалар музыкалық аспаптарды танып, музыкалық сайыстар мен ойындарға қатысып, белсенділік пен ұйымшылдықты көрсетті. Музыкаға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, ырғақ сезімін дамыту және балалар ұжымын біріктіру мақсатына жетті.
Просмотров: 6