2026-2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау туралы маңызды ақпаратпен танысыңыздар!

31.03.2026

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

📢 2026-2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау туралы маңызды ақпаратпен танысыңыздар!
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің жаңа нұсқаулығына сәйкес (2026 жылғы 30 наурыздағы № 2-20-6/2297-И хат), биыл құжаттарды қабылдау мерзімдеріне өзгерістер енгізілді.

🗓 Қабылдау кестесі (өңірлер бойынша)
Құжаттарды қабылдау кезең-кезеңімен жүргізіледі:
🔹 10 маусым – 31 тамыз: Алматы қаласы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан облысы

❗ Маңызды: Ақмола облысы (соның ішінде Бұланды ауданы) бойынша қабылдау 2026 жылғы 10 маусым - 31 тамыз аралығында жүргізіледі.

💻 Өтініш беру тәсілі
Өтініш «Электрондық үкімет» порталы арқылы қабылданады: egov.kz
Қажетті құжаттар тізімі:
✅ Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өтініші;
✅ Баланың 3×4 см сандық фотосуреті;
✅ № 052-2/у нысаны бойынша баланың денсаулық паспорты
(2025 жылдан бастап бұл құжат eGov порталында электронды форматта қолжетімді);
✅ № 065/у нысаны бойынша профилактикалық екпелер картасы;
✅ ПМПК қорытындысы (қажет болған жағдайда).

⚠️ Маңызды:
1-сыныпқа қабылдау туралы өтініш 1 жұмыс күні ішінде қаралады.

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту себептері:
– сынып-жиынтықтардың толып кетуі;
– ұсынылған құжаттардың толық болмауы немесе ондағы деректердің дұрыс еместігі.

📞 Қосымша ақпарат алу үшін
Білім беру ұйымдарына немесе білім бөліміне хабарласыңыз:
☎️ 87164621526     

☎️ 87164633273
Құрметті ата-аналар, балаңызды мектепке уақытылы тіркеп үлгеріңіздер!

Просмотров: 98


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу